Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Global Look Press
Іс Израиль әскери күштерінің Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге бағыт алған Sumud кемесін тоқтатуына байланысты қаралып жатыр.
Газа секторында бір аптада 18 мыңнан астам адам жұқпалы ауруға шалдыққан
12 сәуірде Барселонадан теңізге шыққан флотилияны 29 сәуірге қараған түні Крит маңындағы халықаралық айдында Израиль әскері заңсыз тоқтатқан. Кеме құрамында 39 елден 345 адам болған. Олардың ішінде Түркия азаматтары да бар.
Түркия прокуратурасы бұл әрекетті қарақшылық деп атап Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бірнеше жоғары лауазымды тұлғасына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Оларға адамзатқа қарсы қылмыс, геноцид, қасақана дене жарақатын салу, азаптау, мүлікті бүлдіру, ауыр тонау, көлік қозғалысына кедергі келтіру, кемені заңсыз басып алу және адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру сияқты айыптар тағылып отыр.
Ливанда Израильдің соққыларынан мәдени мұра нысандары зақымданды
Прокуратура айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Ведомство бұл істі Түркия соттарының халықаралық теңіз құқығы аясында қарауға заңды құзыреті бар екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде әскери қимылдарды жүзеге асырып жатыр. Өз кезегінде Ливан Вашингтонмен елдің оңтүстігінен Израиль әскерін шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақты өзіне тиесілі санайтын «Хезболла» ұйымы келісімнен бас тартып отыр.