Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Түркия Украина мәселесі бойынша келіссөзді жандандыруға күш салып, тараптармен байланысты жиілеткен. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Ердоған Түркияда өтіп жатқан Анталья дипломатиялық форумы (#ADF2026) аясында елге келген Молдова президенті Майя Сандумен кездесті. Мемлекет басшылары екіжақты қатынастар мен өңірлік мәселелерді талқылады.
"Кездесу барысында президент Режеп Тайып Ердоған Түркия алдағы уақытта да Молдовамен сауда, энергетика және қорғаныс өнеркәсібі сияқты көптеген салада ынтымақтастықты дамыта беретінін мәлімдеді", - деп хабарлады Түркия басшысының кеңсесі.
Сонымен қатар Ердоған Түркия Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату үшін келіссөзді жандандыруға күш салып жатқанын және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында тараптармен байланысты жиілеткенін атап өтті.
"Сондай-ақ президентіміз гагауз түріктері екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстардың ерекше символы екенін мәлімдеді", – деп нақтылады кеңсе.