Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Түркия тарапы Украина бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын, бұған күмән болмауға тиіс. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия президенті әкімшілігі хабарлады.
"Түркия Украина бойынша келіссөздің қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуге дайын, бұл жөнінде ешқандай күмән болмауы керек", - деп мәлімдеді әкімшілік.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада өтті. Тараптар ешқандай құжатқа қол қойған жоқ. Жаңа кездесудің нақты өтетін орны мен уақыты әзірге белгісіз.