Түркия Украина бойынша келіссөзге қатысты ешқандай нақты ақпарат алған жоқ дереккөз

03.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Түрік тарапы Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысты тараптардан әзірге ешқандай нақты ақпарат алған жоқ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлаған.

Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

"Қазіргі уақытта түрік тарапына келіссөздің ықтимал жаңа кезеңінің мерзімі немесе параметрлері туралы тараптардан нақты ақпарат түскен жоқ", – деді агенттік сұхбатшысы.

Ол Түркия жағдайды мұқият бақылап отырғанын және процесс қатысушыларымен байланыс орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

"Түркия бұған дейін келіссөз үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді, алайда қатысушылар тарапынан тиісті бастамалар мен нақты ұсыныстар әзірге түспеді", – деп атап өтті дереккөз.

Ресей мен Украина бұған дейін Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш кезеңін өткізген. Нәтижесінде тұтқын алмасылды. Тараптар қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен де алмасқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью