Түркияда әлеуметтік желілерге қатысты талап күшейіп жатыр

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түркияның Әділет министрі Акын Гюрлек әлеуметтік желілерге кіру үшін пайдаланушыларды жеке басын және ұялы телефон нөмірін растауға міндеттейтін заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ билік 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салуды жоспарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, бұл құжат биыл қабылданбақ. Түркия Әділет министрлігінің бастамасына сәйкес, әлеуметтік желілерде аккаунттарды тіркеу мен оған кіру үшін жеке адам міндетті түрде сәйкестендіру мен ұялы телефон нөмірін растау қажет болады. 

Гюрлек бұл шара ата-аналар тарапынан кең қолдау тапқанын атап өтті.

– Азаматтар тарапынан үлкен сұраныс пен толық қолдауды көріп отырмыз, – деді министр.
Түркия министрі TV100 телеарнасына берген сұхбатында «Alo Adalet» («Алло, әділет») қосымшасының іске қосылғанын да хабарлады.

Оның айтуынша, қосымшаның негізгі мақсаты – сот істерін қарау мерзімдерін қысқарту және процестердің ашықтығын көтеру.

Қосымша арқылы азаматтар өз істерінің қаралуындағы кідірістердің себептерін анықтап, сот процесінің барысы туралы ақпарат алады. Бұл жаңашылдық судьяларға істерді қараудың белгіленген мерзімдерін орындауға көмектеседі

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда киберқылмыспен күрес күшейгенін жазған едік.

Аружан Жәнәділ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью