Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түркияда "барлығы қосылған" (all inclusive) жүйесімен жұмыс істейтін қонақүйлерді қызмет көрсету деңгейіне қарай бес санатқа бөлу ұсынылды. Бұл туристер үшін демалыс құнының айырмашылығын айқынырақ етуі мүмкін, деп хабарлайды Tengri Travel.
Жаңа қонақүйлер жүйесі қалай жұмыс істейді?
Musavat мәліметінше, ATF26 көрмесінде мұндай бастаманы Kilit Group қонақүй компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Толга Килит көтерді. Оның айтуынша, "барлығы қосылған" жүйесі Түркияға туристер ағынын тартуға көмектесті, бірақ енді оны өзгертетін уақыт келді.
Ол қазіргі уақытта "барлығы қосылған" жүйесіндегі қонақүйлердің демалыс жағдайлары әртүрлі екенін атап өтті. Мысалы, кейбір бес жұлдызды қонақүйлерде тек базалық қызметтер ұсынылса, басқаларында бірнеше мейрамхана, сусындардың кең таңдауы және қосымша қолайлылықтар қарастырылған.
Туристерге қонақүй таңдау оңайырақ болуы және не үшін ақша төлеп жатқанын түсінуі үшін Килит бес санатты енгізуді ұсынды:
эконом; эконом плюс; орта сегмент; жоғары сегмент; люкс.Қонақүйлер қызмет көрсету сапасы мен ұсынылатын қызметтер санына қарай бірыңғай критерийлер бойынша бағаланады деп күтіледі. Бұл қонақүйлерге сервис деңгейіне байланысты баға белгілеуге көмектеседі.
Килит жаңа жүйені Түркияның Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп әзірлеуді ұсынды.
Бағалар өзгеруі мүмкін?Дәл осы ATF26 туристік көрмесінде Rixos Hotels негізін қалаушы әрі төрағасы Феттах Таминдже Түркиядағы туризмнің болашағы туралы сөз сөйледі.
Оның пікірінше, ел туристер санын көбейтуге емес, туризм саласынан түсетін табысты арттыруға назар аударуы керек.
"Біз 100 миллион туристке емес, туризмнен түсетін жоғары табысқа көңіл бөлуіміз керек", - деді Феттах Таминдже.
Таминдже Түркия арзан демалыс пен туристердің көптігіне емес, қызмет көрсету сапасына бәс тігуі керек деп санайды. Ол үшін қолданыстағы қонақүйлерді тиімдірек пайдалануды, жаңа туристік бағыттарды дамытуды және демалушыларды елдің әртүрлі аймақтарына тартуды ұсынды.
Түркияда демалыс сапасын жақсартып, туризмнен көбірек табыс тапқысы келеді. Болашақта бұл жағдай жолдама бағасының, әсіресе қымбат қонақүйлер құнының өсуіне әкелуі мүмкін.
Дегенмен, әзірге бұл тек ұсыныстар - бағаны көтеру және қонақүйлер классификациясын өзгерту туралы ресми түрде жарияланған жоқ.
Айта кетейік, түрік қонақүйлерінде басқа да өзгерістер орын алды. Пластик қалдықтарымен күрес аясында қонақүйлер сусабын мен душқа арналған гелі бар бір реттік шағын құтылардан бас тарта бастады. Олардың орнына жуынатын бөлмелерде стационарлық мөлшерлегіштер (дозаторлар) орнатылып жатыр.
Тағы оқыңыз: Түркиядағы демалыс қымбаттай түсуі мүмкін
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу