Түркияда білім алған полиглоттар Ұлттық ұлан сапында қызмет етуде

10.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Орал қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген үш мерзімді әскери қызметші әскери борышын өтеп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бірі Түркияда тіс технигі мамандығын игерсе, екіншісі қонақүй және мейрамхана ісі бойынша білім алған, ал үшіншісі киберқауіпсіздік саласының маманы. Бүгінде олардың барлығын бір мақсат – Отанға қызмет ету біріктіріп отыр.

Алматы қаласының тумасы Ербол Ғайнибекұлы Түркияның Сакария қаласында білім алып, физиотерапевт және тіс технигі мамандығын меңгерген. Ақтөбелік Ілияс Зинур Сивас қаласында қонақүй және мейрамхана ісі бойынша жоғары білім алған. Ал Шымкент қаласының тумасы Мирас Төлеген Astana IT University-де «Киберқауіпсіздік» мамандығын тәмамдаған.

Әртүрлі мамандық иелері болса да, бүгінде үш сарбаз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысып, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеруде.

 – Шет тілдерін меңгеру адамның дүниетанымын кеңейтіп, түрлі ортада еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ал біз үшін ең маңыздысы – әскери қызметті абыроймен атқарып, ел сенімін ақтау, – дейді қатардағы жауынгер Ербол Ғайнибекұлы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью