Түркияда бозбала өзі оқыған мектепке шабуыл жасады желіде видеосы тарады

14.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Түркияның Сиверек қаласында бозбала өзі оқыған мектепке мылтықпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Haber Turk порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қарулы шабуылдың видеосы тарады. Оқ атқан бозбала мектептің бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Шабуыл жасаған бозбала бұрын осы лицейде оқыған.

"Ол сыртқы есіктен кірген бойда мылтығын алып шықты да, оңды-солды оқ ата бастады. Мен балалардың айқайлаған дауысын естідім, алдынан шыққан барлық адамға оқ атқан сияқты. Одан кейін полиция келді", - дейді куәгерлер.

Қазіргі кезде 16 адамның жарақат алғаны туралы ақпарат бар. Олардың ішінде 10 оқушы, төрт мұғалім, бір полицей мен асхана қызметкері бар. Бірнеше адам ауыр жарақат алған. Себебі кейбір оқушылар қашамыз деп, терезеден де секірген.

Шабуыл жасаған бозбала өз-өзіне қол салды. Бұған дейін желідегі парақшасында шабуыл жасайтынын ескерткен.

"Дайын болыңыздар, бірнеше күннен кейін бұл мектепке шабуыл жасалады", - деп жазған ол.

Жергілікті прокуратура тергеу шараларын бастады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью