Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Гибридті көліктердің саны да өсіп, 741 149-ға жетті. Жалпы елдегі автокөлік саны 17 523 423.
Сарапшылар сұраныстың артуын көміртек шығарындыларының төмендігімен, энергия тиімділігімен, дыбысының аздығымен және зарядтау инфрақұрылымының кеңеюімен байланыстырады.
Сонымен қатар ұлттық электромобиль Togg та бұл үрдіске серпін берді.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2015 жылы Түркияда небәрі 565 электромобиль болған.
2024 жылы олардың саны 183 776-ға, 2025 жылы 370 591-ге жетсе, 2026 жылдың ақпанында 396 мыңға жуықтады.
Қазіргі таңда электромобильдердің жалпы автопарктегі үлесі 2,3%.
Гибридті көліктерге қызығушылық та жоғары. Олар алғаш рет 2011 жылы тіркелсе (23 көлік), 2019 жылы 13 877-ге, 2023 жылдың соңында 222 328-ге, 2024 жылы 391 296-ға, ал 2026 жылдың басында 741 149-ға жетті. Олардың автопарктегі үлесі 4%-дан 4,2%-ға дейін өсті.
Айта кетелік Қытайда электромобильдерге арналған қуаттау құрылғыларының саны 21 млн-нан асқаны туралы жазған едік.