Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті

06.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде белгісіз біреу атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде белгісіз біреу атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 16:30 шамасында болған.

"Белгісіз адам жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ жаудырды. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды", - деп жазылған мәліметте.

Ыстамбұл полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрон көмегімен олардың өзін тапқан. Күдіктілер - Грузия азаматтары. Мәліметке сүйенсек, олар шетелге қашпақ болған. Қылмыстың себебі белгісіз.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью