Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Министрліктің хабарлауынша, ер адам биыл наурыз айында қарулы шабуылға ұшырап, ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмған. Түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол жеке логистикалық компанияда қызмет еткен.
Ақмола облысында әйелді аңдып жүріп өлтірген күдікті ұсталды
Қазақстан, Түркия және өзге де елдердің құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде қылмысқа қатысы бар екі адам ұсталған. Тергеу барысында кісі өлтірудің себебі анықталып, қылмысты ұйымдастырған және оған тапсырыс берген тұлғалардың да жеке басы белгілі болған. Олар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екені анықталған. Қазіргі уақытта аталған күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған.
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
ІІМ мәліметінше, тергеу жұмыстары Қазақстан аумағында өзге де ауыр қылмыстарды ашуға көмектескен.
«Ішкі істер министрлігі Түркия және Грузиядағы әріптестерімен өзара іс-қимыл аясында үш мемлекеттің аумағында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша кезең-кезеңімен арнайы операция жүргізді. Алматы қаласында аталған қылмыстық құрылымның мүшелері ұсталды. Оларға қару қолдану арқылы жасалған бірнеше шабуылға қатысы бар деген айып тағылырп отыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кеткенін жазған едік. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабар-ошарсыз кеткен 24 жастағы ел азаматы Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растаған болатын.