24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Түркияда медициналық алаяқтықтың беті ашылды. Ыстамбұлдағы Балыклы Рум ауруханасында жалған дәрі-дәрмек рецептісін рәсімдеді деген күдікпен 5 адамға 46 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.
Айыптау актісіне сәйкес, күдіктілер науқастың келісімінсіз құжат рәсімдеп, қымбат дәрі-дәрмекті заңсыз жолмен алған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 112 млн лира, біздіңше 1 млрд 344 млн теңге шамасында. Жергілікті прокуратура екі күдіктіге 46 жылға дейін, қалған үш адамға 9 жылдан 31 жылға дейін түрме жазасын тағайындауды сұрап отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданды.