Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Түркияда 2025 жылы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа азайып, 8,3%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Түркия статистика институты (TÜİK) еңбек нарығына қатысты 2025 жылғы деректерінде хабарлады.
TÜİK деректеріне сәйкес, 2025 жылы ел бойынша жұмыссыздар саны 2024 жылмен салыстырғанда 147 мың адамға азайып, 2 миллион 966 мың адам болды.
2025 жылы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеп, 8,3%-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2005 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистикалық бақылаулар аясында ең төменгі деңгей болып тіркелді.
Осылайша, соңғы 21 жыл ішіндегі ең төмен жұмыссыздық деңгейі тіркелді.
Түркия статистика институты (TÜİK) жариялаған 2005–2025 жылдар аралығындағы жылдық жұмыссыздық көрсеткіштері төмендегідей:
Жыл — Жұмыссыздық деңгейі (%) 2005 — 9,2
2006 — 8,7
2007 — 8,9
2008 — 9,8
2009 — 12,9
2010 — 11
2011 — 9
2012 — 8,3
2013 — 8,9
2014 — 9,9
2015 — 10,3
2016 — 10,9
2017 — 10,9
2018 — 10,9
2019 — 13,7
2020 — 13,1
2021 — 12
2022 — 10,4
2023 — 9,4
2024 — 8,7
2025 — 8,3
Айта кетелік Түркияда электромобиль саны 400 мыңға жуықтады.