Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркияда Ыстанбұл прокуратурасы бастаған тыйым салынған заттарды пайдалану және тарату бойынша тергеу жалғасып отыр.
Тергеу іс-шаралары аясында елдегі он көрнекті тұлға Сот медицинасы институтында медициналық тексеруден өтті.
Күдікке ілінген жеті адамның шаш, қан және зәр үлгілері есірткіге оң қорытынды берді.
Қорытынды оң болғандар қатарында Дидем Сойдан, Онур Талай, Исмаил Берхан Перинчекли, Мустафа Тари, Ферхат Айдын, Корай Серенли және Озан Гюмюш бар.
Осы арада Керим Сабанджи, Гюзиде Дуран Аксоу және Онур Бюкчюден алынған талдау қорытындысы теріс болды. Батуарай Оздемирдің де талдауы теріс нәтиже көрсетті, бірақ алайда оның шашынан депрессия, мазасыздық, үрей ұстамалары және басқа да психикалық ауруларды емдеу үшін кеңінен қолданылатын антидепрессанттардың белсенді ингредиенті — сертралин анықталған.
Іс бойынша айыпталушылар қатарында сондай-ақ «Есігімді қақ» телехикаясының танымал актрисасы Ханде Эрчел және оның бұрынғы жігіті — миллионер Хакан Сабанджи, сондай-ақ Фикрет Орман, Керим Сабанджи, Бурак Элмас, Сезгин Кёйсурен және басқалары бар.
«Мүкжидек шербеті» хит телехикаясында Фатих рөлімен танымал Догукан Гюнгёр бұған дейін біраз уақытқа қамауға алынған болатын. Сол кезде елдің ақсүйек және медиа элитасына қатысты іс бойынша он тоғыз адам тұтқындалды.
Осыған дейін Ыстанбұлда есірткіге қарсы операция кезінде танымал актриса Ханде Эрчел қамалғанын хабарлаған едік.