Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Хабарламаға сәйкес, акция «Рамазан: бауырластыққа үндеу» ұранымен өтеді.
Көмек Түркиядағы мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ Африка, Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Оңтүстік Америка елдеріндегі мұқтаж жандарға көрсетіледі. Азық-түлік және сыйлық жиынтықтары қарулы қақтығыстар мен ауыр дағдарыстарды бастан өткеріп жатқан елдердің тұрғындарына да жеткізіледі. Олардың қатарында Палестина, Сирия, Судан және Ливан бар.
Қайырымдылық жасаушылар İHH ұйымдастырып отырған науқанға SMS арқылы қосылып, Түркиядағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж мұсылмандарға зекет, пітір садақа, садақа және азық-түлік жиынтықтарын садақа ретінде жолдай алады.
Айта кетейік, былтыр британдық белсенді Рут Герберт Ұлыбританиядан Түркияның Ыстамбұл қаласына дейін жаяу жүріп, Medical Aid for Palestinians («Палестиналықтарға медициналық көмек») ұйымына қайырымдылық қаражатын жинады.