Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«Сырт көз – сыншы» демей ме? Еліміздегі конституциялық референдумды халықаралық ұйымдар мен шетелдік сарапшылар жіті бақылап отыр. Шынында да, саяси үдерісті бейтарап мамандардың бағалауы – демократиялық институттардың ашықтығын айқындайтын өлшем. Осы мақсатта Түркияның Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер елімізге арнайы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркиялық сарапшы ең алдымен бауырлас халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, қазақ елінің қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.
«Әуежайдан түскен бетте құшақ жая қарсы алған пейілдеріңізге бек разы болдық. Қазақ халқының ыстық ықыласы Астананың салқын ауасын сездірмеді. Күллі түрік жұртының атынан рахмет айтамын», деді А. Йенер.
Сарапшы Ахмет Йенер бірнеше сайлау учаскесіне барып, дауыс беру барысын бақылағанын айтты. Бұдан кейін халықаралық сарапшыдан референдумның өту барысы туралы пікірін сұрадық.
«Барлығы жүйелі ұйымдастырылған. Азаматтар сайлау туралы қажетті ақпаратты арнайы орталықтардан ала алады. Сайлау комиссиясы мен ақпараттық жүйелер халыққа толық мәлімет беріп отырғанын байқадық», деді Ахмет Йенер.
Оның айтуынша, референдумды ұйымдастыру жұмыстарына тартылған мамандар да жақсы дайындықтан өткен.
«Жалпы алғанда 70 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесіне арнайы дайындық жүргізілген. Біз барған учаскелерде барлық сұрағымызға нақты жауап берілді», деді сарапшы.
Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістерге тоқталып өтті. Соның бірі – Вице-президент институтының енгізілуі.
Айта кетейік, Түркия тәжірибесінде де мұндай басқару тетігі бар. Қазір бұл қызметті Жевдет Йылмаз атқарады. Вице-президент мемлекеттік басқару ісінде президентке көмек көрсетіп, саяси-экономикалық бастамалардың басында тұрады. Ахмет Йенер Конституциядағы бұл жаңашылдық басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін айтты.
Сұхбат кезінде Конституциядағы преамбула мәтініне де назар аударылды. Ондағы «Ұлы дала» ұғымының мәні тереңде жатқаны айтылды.
«Ата заң кіріспесінде мынадай сөйлем бар: «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтай отыра осы заңды қабылдаймыз» деген. Шын мәнінде мұның рәміздік мәні тереңде. Күллі түркі дүниесін осы Ұлы Дала біріктіреді. Бұл бауырлас халықтардың тарихи тамырының ортақ екенін аңғартады. Ұлы дала ұғымы тек географиялық кеңістікті ғана емес, түркі өркениетінің рухани өзегін де білдіреді. Сондықтан мұндай тұжырымның Конституция преамбуласында жазылғаны мемлекеттің баянды болашағына сәуле түсіреді», деді Ахмет Йенер.
Соңғы жаңалықтар
Атыраулық әжелер референдум учаскесіне ақ кимешекпен келді
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді
Референдум • Бүгін, 14:35
Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады
Референдум • Бүгін, 14:22
Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті
Референдум • Бүгін, 14:20
Референдум: Бақылаушылар заң бұзушылық болмағанын растады
Референдум • Бүгін, 14:14
ШҚО азаматтарына дауыс беру үшін қандай жағдайлар жасалған?
Референдум • Бүгін, 14:10
Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді
Референдум • Бүгін, 14:06
Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр
Референдум • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты
Президент • Бүгін, 13:49
Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:40
Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді?
Президент • Бүгін, 13:29
Тоқаев: Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс
Президент • Бүгін, 13:25
Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді
Референдум • Бүгін, 13:20
Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді
Референдум • Бүгін, 13:15