Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Аномалды жауын-шашын салдарынан Саврун өзені арнасынан асып, Кадирли ауданы аймағының бір бөлігін су басты. Салдарынан мұндағы бірнеше көпір мен ғимарат қирады.
Сумен бірге автокөліктер ағып кетті. Бір көліктің ішінде болған екі ер адам көз жұмды.
Жақын маңдағы провинциялардан құтқарушылар апат аймағына жіберілді.
Айта кетейік, Дағыстандағы су тасқыны салдарынан екі мыңнан астам үй су астында қалды. Бұл елдегі тасқын су 6 адамның өмірін қиды, 200-ден астам адам құтқарылды. Зардап шеккендердің жалпы саны 6 200-ден асты.