Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гёргюннің мәлімдеуінше, елдің қорғаныс және авиация өнеркәсібіндегі экспорты өткен жылы 10 млрд доллардан асты.
- Нәтижелер күткеннен де асып түсті. Бұл Түркияның жалпы экспорт көрсеткіштері бойынша да, қорғаныс өнеркәсібінде де рекордтар жаңарған жыл болды, - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, бұл сектордағы экспорт 2024 жылы 7,1 млрд долларды құраса, 2025 жылы шамамен 48%-ға артып, 10,5 млрд долларға жетті.
Бұған дейін Түркия 2025 жылдың ақпан айында қорғаныс және аэроғарыш өнімдері экспортының максималды өсімін көрсеткенін жаздық.
Сондай-ақ Түркия әуе тасымалы бойынша тарихи рекордты жаңартқанын хабарладық.