Түркияның қоры Астана мен Алматыда мектеп салады Тоқаев

14.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркияның "Маариф" қоры Астана мен Алматыда екі мектеп салады. Бұл туралы мемлекет басшысы Түркия президентімен өткізген келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін екі елдің министрліктері тиісті меморандумға қол қойды.

"Осы мектептер саналы ұрпақ тәрбиелейтін іргелі білім ордасы ретінде қызмет етеді деп сенемін. Бұл мектептердің құрылысына тиісті жер телімдерін беру жөнінде тапсырма берілді. Көп созбай құрылысты бастаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөзден кейінгі брифингте.

Айта кетері, Түркия үкіметі құрған "Маариф" қоры (Türkiye Maarif Vakfı) түрік мектептері мен шетелдегі білім беру орталықтарын басқарады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью