Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Ресей-Украина қақтығысын тоқтату үшін халықаралық қауымдастық арағайындық күш-жігерін жандандыруы қажет. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдеді.
"Халықаралық қауымдастық арағайындық жасауға күш салуы қажет, өйткені қақтығыстың шиеленісуі өте қауіпті сипат алып барады", — деді Фидан Anadolu агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, кейбір күштер қақтығыстың жалғасуынан пайда табамыз деп санайды. Алайда мұндай үрдіс үлкен қауіп төндіреді.