Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Өңір халқының тыныс-тіршілігіне жақын саласы жыл өткен сайын оң динамика көрсетіп келеді.
Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Облыс әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Жүсіп Жұмағұлов ұсынған деректерге жүгінсек, өткен жылы өңірдің мектепке дейінгі мекемелерінде қосымша 355 орын ашылды. Бұл белгіленген жоспардан 18,3%-ға артық. Соның арқасында 2–6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 97,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.
Былтыр Петропавл қаласында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 280 орынға шақталған балабақшаның құрылысы басталды. Бұл сәбилерді мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткішін тағы бір пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаржыландырудың ваучерлік жүйесі енгізілді. Қаражатты барынша тиімді жұмсауға жол ашқан жүйенің көмегімен 629,1 млн теңге үнемделіп, қаржы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды. Нәтижесінде, мемлекет қаржысын жымқыруға тосқауыл қойылды. Биыл бұл тәжірибе облыстың барлық ауданына таратылмақшы.
Бұдан бөлек, «Келешек мектебі» ұлттық жобасы сәтті іске асырылып, облыс орталығындағы «Береке» шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Салынған білім ордаларының қатарында Есіл ауданындағы Еңбек ауылында жекеменшік қаражат есебінен бой көтерген 50 орындық мектеп те бар. Өткен жылы мектептерді жөндеу, жаңғырту жұмыстарына 5,9 млрд теңге бөлініп, ауылдық жерлердегі 11 мектептің материалдық-техникалық базасы 2,3 млрд теңгеге сатып алынған құрал-жабдықтармен толықтырылды. Сондай-ақ 291,1 млн теңгеге 35 пән кабинеті жарақтандырылды. «Ауыл мектебі – сапа алаңы» бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 80 STEM-кабинет ашылды.
Әлеуметтік саланың күретамыры саналатын негізгі бағыттардың бірі – жастар саясаты. Қазір 14–35 жас аралығындағы азаматтар өңір халқының 24,5%-ын құрап отыр. Облыста 128 мыңнан астам жас бар. Былтыр 100,9 млн теңгеге жастар арасында 19 жоба іске асырылды. Оның ішінде қоғамға да, жастардың өзіне де ең зор пайдасын тигізгені – «Жасыл ел» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында 759 жас азамат жұмыспен қамтылды. Биыл бұл көрсеткішті 760-қа дейін арттыру көзделіп отыр.
Жас мамандарды қолдау мақсатында «Қызылжар жастары» атты әлеуметтік ипотекалық бағдарламасы қолға алынды. Жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 350 млн теңге, «Отбасы банкінен» қосымша 350 млн теңге қарастырылды. Соның арқасында 45 жас маман жеңілдетілген шартпен тұрғын үйге қол жеткізді. Бұл бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасын табады. Жастармен жұмыс барысында азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын жете білуіне, оны қорғау мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын дәріптеу ісі де белсенді жүргізіліп келеді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында былтыр 25 мың адамды қамтыған 4 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінде жастардың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениеті қалыптасып келеді.
Биыл тағы жастарға арналған 34 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оған бюджеттен 145,6 млн теңге бөлінген. Бұл бастамалардың барлығы өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың тиімді тетіктерін қамтиды.
Жастарды бұқаралық спортқа баулу – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Былтыр спортпен шұғылданатындар қатары 228 мыңға жуықтады, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 5 мың адамға артық. Биыл тағы 2,8 мыңдай тұрғынды спорттық шараларға қатыстыру көзделген.
Облыстың спорттық инфрақұрылымында 2 197 нысан тіркелген. Оның ішінде былтыр 43 нысан жаңадан пайдалануға берілді. Құрылысы жүріп жатқан 46 нысан алдағы уақытта іске қосылады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоры бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған инклюзивті спорт орталығын салып беруді қолға алмақшы.
Спорт саласына лайықты деңгейде көңіл бөлінуінің нәтижесінде өңірдің 434 спортшысы ұлттық құрама сапына қабылданды. Олар түрлі спорт түрінен 1 140 медаль қанжығалады. Солардың қатарында биылғы қысқы паралимпиаданың чемпионы Ербол Хамитов пен боксшы Наталья Богданованың әлемдік деңгейде топ жарып, ел намысын абыроймен қорғағанын мақтанышпен атап өтуге болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр
Оқиға • Кеше
Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді
Қоғам • Кеше
FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді
Ата заң • Кеше
Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді
Жануарлар • Кеше
Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды
Оқиға • Кеше
15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды
Футбол • Кеше
2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді
Оқиға • Кеше
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды
Оқиға • Кеше
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Көрме • Кеше
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қоғам • Кеше
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
Елорда • Кеше
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
Оқиға • Кеше