Тұрмыстық кредиттің ең жоғары жылдық мөлшерлемесі 40% ке түсуі мүмкін

22.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық кредиттер бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-тен 46%-ке дейін төмендеттік. Енді оны 40%-ке дейін одан әрі төмендету қажеттілігі қосымша қарастырылып жатыр, — деді ол.

Ұлттық банк басшысы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап банктер жеке тұлғалардың портфелі есебінен 2% мөлшерінде қосымша буфер жасауға міндеттелетінін айтты.

— Ол 460 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Осылайша, банктердің бөлшек несие портфелін күрт ұлғайтуға деген ынтасы азаяды. Бұл басқа шаралармен бірге банктерді корпоративтік сегментті неғұрлым көбірек несиелеуге ынталандырады, — деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылданды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью