Turning Points Qazaqstan журналы жарыққа шықты

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Turning Points – бұл The New York Times-тың флагмандық сериясы. Онда әлемдік сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары, мемлекет басшылары, пікір көшбасшылары мен ойшылдар жаһандық үрдістер мен болашақты айқындайтын өзекті сын-қатерлерге талдаулары мен пайымдарын ұсынады. KAZMEDIA HOLDING компаниясы The New York Times Licensing-мен аталған журналдың жергілікті нұсқасын шығару жөніндегі лицензиялық келісімге 2025 жылы қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журнал жылына бір рет жарық көреді

Жылына бір рет қазақ және орыс тілінде жарық көретін Turning Points Qazaqstan басылымының биылғы – 2026 жылға арналған санында Томас Фридман, Джонатан Хайдт, Николас Кристоф, Джек Торн сияқты ой көшбасшыларының 2026 жылға арналған эксклюзивті эсселері және Мағзұм Мырзағалиев, Саясат Нұрбек, Қуат Акижанов, Досым Сәтбаев, Арман Евниев, Жан Мұқанов, Алмаз Шарман, Раиса Сайран сынды бірқатар отандық авторлардың пайымдары мен болжамдары жарияланған.

Тақырыптар түрлі саланы қамтиды

Аталған авторлардың көтерген тақырыптары саясат пен экономикадан бастап, өнер мен мәдениетке, жасанды интелектіге дейінгі салаларды қамтыған. Мысалы, Джонатан Хайд гаждеттер мен интернеттің мектеп жасындағы балаларға зиянды әсері туралы зерттеулерге тоқталса, Джек Торн жасөспірімдер арасында белең алған ызақорлық пен қатыгездіктің түпкі себептеріне үңілген. Ал, Қазақстан авторлары өз салаларында 2026 жылы болуы мүмкін трендтер мен сын-қатерлерге қатысты пайымдары мен болжамдарын ұсынған.

Журналдың таныстырылуы өтеді

KAZMEDIA HOLDING компаниясының хабарлауынша, журналдың бас редакторы – белгілі журналист Айбын Шағалақ.

«Журналдың алғашқы санын қаңтардың 28-і күні Астанадағы The St. Regis Astana қонақүйінде өтетін Qazaqstan NEXT 2026 форумында ресми таныстыру жоспарланып отыр», делінген аталған компания таратқан хабарламада. 

Бір айта кететіні, журналдың электронды нұсқасы The New York Times Licensing сайтында да қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин: Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар конституциялық заңда айқындалуы мүмкін

Саясат • Бүгін, 16:41

Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды

Қоғам • Бүгін, 16:05

Мемлекеттік кеңесші: Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады

Қоғам • Бүгін, 16:03

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

Қоғам • Бүгін, 15:45

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

Қоғам • Бүгін, 15:33

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Қоғам • Бүгін, 15:05

Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 14:51

Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?

Елорда • Бүгін, 14:34

Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды

Қоғам • Бүгін, 13:58

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Спорт • Бүгін, 13:23

Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған

Аймақтар • Бүгін, 13:00

Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:43

МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:19

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

Ата заң • Бүгін, 12:09

Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью