Тұрсынбек дара дарын, Мөлдір қарындасым Қыдырәлі Болманов (ВИДЕО)

24.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол Мөлдір ханымның тұңғыш фильмін тамашалап, авторын құттықтап, ақ тілегін білдірген.

"Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?.. "Шай в большом городе" фильмін тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, өз киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!" – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью