Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Financial Times жариялаған зерттеу смартфондардың кең таралуы мен әлемдегі туу көрсеткішінің төмендеуі арасында байланыс бар екенін көрсетті. Цинциннати университетінің ғалымдары 4G желісі ерте іске қосылған аймақтарда жастар арасындағы туу деңгейі аз уақытта құлдырап кеткенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия сияқты елдерде туу көрсеткіші 2007 жылдан бастап төмендей бастаған. Кейін бұл үрдіс Франция, Польша, Мексика, Марокко және Индонезияда да байқалған. Ал Африка елдерінде көрсеткіш 2013-2015 жылдары азайған, бұл кезең смартфон сатылымының күрт өскен кезеңімен сәйкес келеді екен.
arXiv дерегіне сәйкес, демографиялық өтпелі кезең аяқталған 10 ірі елде тоғыз жыл ішінде туу коэффициенті 20%-дан астам төмендеп, бір әйелге шаққандағы бала саны 1,75-тен 1,35-ке дейін азайған.
Ғалымдардың айтуынша, мәселе смартфонның биологиялық әсерінде емес, әлеуметтік өзгерістерде жатыр. Жастардың бетпе-бет араласуы азайып, экран алдында өткізетін уақыты көбейген. Салдарынан романтикалық қатынас пен отбасы құруға бейім адамдар саны азайып барады.
Сонымен қатар 2025 жылы Medicine журналында жарияланған зерттеу смартфон қолдану ерлердің гормондарына, шәует сапасына немесе жыныстық функциясына тікелей әсер етпейтінін көрсеткен. Ал Reproductive Toxicology журналындағы шолу зерттеуі радиожиілікті сәуленің репродуктивті жасушаларға ықпалы болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ бұл тұжырым әзірге жануарларға жасалған тәжірибелерге негізделген.
Еске салайық, жуырда смартфон туралы Қазақсанда жаңа тыйым енгізілді.
Соңғы жаңалықтар
Африкада Эбола індетінен 88 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:55
Емханаға тіркелу ережесі жаңарады: Министрлік жаңа жоба ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:32
Францияда Эпштейн ісіне қатысты шағымдар көбейді
Әлем • Бүгін, 13:25
«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?
Құрылыс • Бүгін, 13:05
Қазақстанның көмірі қанша ғасырға жетеді?
Энергетика • Бүгін, 13:01
Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?
Алматы • Бүгін, 12:57
Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті
Технология • Бүгін, 12:45
Қазақстанның халықаралық резервтерде қанша алтыны бар?
Экономика • Бүгін, 12:38
Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды
Тағайындау • Бүгін, 12:25
Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы қамаудан босап шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
«Музей түні»: Қазақстанда ерекше мәдени кеш қалай өтеді?
Музей • Бүгін, 12:09
Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды
Футбол • Бүгін, 12:00
Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 11:55
Сауалнама: Жастардың 90%-ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Атыраудағы отбасының өлімі: Атышулы іске қатысты сот отырысы басталды
Қылмыс • Бүгін, 11:32