Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы маңындағы өзенде үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірім арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерде суға түскен.
Бұл аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгісі орнатылған, дейді құтқарушылар.
"Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Алайда құтқарушылар жеткенге дейін марқұмдардың денелері жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылған", - дейді төтенше жағдай департаментінде.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.