Тым болмаса бір медаль Қысқы Олимпиадаға министр болжамы қандай

02.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Министрдің айтуынша, 1994 жылдан бері 8 қысқы Олимпиада өткен және онда бес спортшымыз ғана медаль алған. 

— Өкінішке орай, 2018 жылдан бері бірде-бір медаль жоқ. Сондықтан біз сол бір медальді алу үшін барымызды салып жатырмыз. Ғылыми тұрғыда дайындық әдістемелер, мамандар тартып, сол бағыттың бәрін күшейтіп жатырмыз. Әрине мұның бәрі жасалса да, жеке сол бір сәтте барлығы спортшының эмоционалдық күйіне, психологиялық күйіне, денсаулығына байланысты болады. Бірақ бүгінгі күні министрлік әкімдіктермен, федерациялармен бірлесіп, көптен болмаған медальді алуға әрекет етіп жатырмыз, — деп жауап берді Спорт министрі Үкіметте өткен брифингте.

Осыған дейін Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінгені туралы жаздық. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью