ТЖМ құтқару ісіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр

17.10.2025

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, цифрлық технологиялар бүгінде қауіп-қатердің алдын алуда және төтенше жағдайлардың салдарын жоюда басты құралға айналып отыр.

- Геоақпараттық және спутниктік жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Табиғи қауіптерді талдауға жасанды интеллектіні пайдаланып, қауіпті аймақтардың цифрлық карталарын әзірлеп жатырмыз, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар спикер ескерту жүйесінің цифрлық трансформациясы аяқталып, ескі құрылғылардың орнына заманауи платформалар енгізілгенін атап өтті.

- Алматыда ықтимал жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туралы халықты ескертетін «MASS ALERT» шұғыл хабарлау жүйесі жұмыс істейді. Бұл жоба барлық сейсмикалық қауіпті аймақтарға таратылмақ, - деді Тұрсынбаев.

Вице-министр цифрландыру нәтижесінде төтенше жағдайлардың алдын алу тиімділігі едәуір артқанын айтады. Мәселен, соңғы жылы су басқан елді мекендер саны 95 пайызға азайған.

— Цифрлық жаңғырту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қазір министрлік табиғи және техногендік қауіптерге жасанды интеллект арқылы болжам жасау, дрондармен мониторинг жүргізу және онлайн карта негізінде тәуекелдерді талдау жүйесін дамыту үстінде. Біздің мақсатымыз - төтенше жағдай туындамай тұрып, оны болжау және халықты дер кезінде ескерту. Цифрлық технологиялар - құтқару ісінің жаңа бетбұрысы, - деді Кеген Тұрсынбаев.

Айта кетейік, ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және қосымша төлемдер қалай төленетінін жазған едік.

                                                                                                                  Камила Мүлік

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью