Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Өскемен халықаралық әуежайында жаңа көпмақсатты L-410 ұшағын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ҚР ТЖМ
Заманауи L-410 ұшағы өңірдегі ТЖМ авиациясының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Әуе кемесі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, гуманитарлық көмекті жеткізуге, құтқарушыларды тасымалдауға және жетуі қиын аймақтардан халықты эвакуациялауға арналған. Әсіресе күрделі рельефі, таулы аумағы және қатал климаттық жағдайлары бар Шығыс Қазақстан облысы үшін маңызды.
«Тұрғындарының едәуір бөлігі таулы және жетуі қиын аумақтарда орналасқан біздің өңір үшін L-410 ұшағының келуі ерекше маңызға ие. Бұл әуе кемесі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және санитарлық рейстерді орындау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Рашид Блялов.
L-410 ұшағы 2 570 шақырымға дейін ұшуға, 6 100 метр биіктікке көтерілуге және 19 жолаушыны немесе 1 800 килограммға дейін жүк тасымалдауға қабілетті. Кабинасы дәл навигацияны және ұшу параметрлерін толық бақылауды қамтамасыз ететін заманауи Garmin 3 000 авионикасымен жарақталған. Осы модель санитарлық авиацияға да бейімделген.
Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен арнайы жүйелер орнатылған. Жақын уақытта әуе кемесін сақтау және техникалық қызмет көрсетуге арналған ангардың құрылысы басталады. Сондай-ақ өңір экипаж үшін жұмыс және демалысқа қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге қатысады. Экипаж Чехияда ұшақты шығарған Omnipol компаниясының оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.
ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді
Былтыр қараша айында ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты.
Соңғы жаңалықтар
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:37
Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді
Алматы • Бүгін, 17:30
Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 17:25
Аида Балаева: Мәдениет саласы креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналды
Форум • Бүгін, 17:15
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Оқиға • Бүгін, 17:14
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Оқиға • Бүгін, 17:10
Ақмолада алаяқтарға алданған кәсіпкер 24 млн теңгесінен айырылды
Заң • Бүгін, 17:02
Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:53
Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?
Экология • Бүгін, 16:50
Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі
Тарих • Бүгін, 16:41
Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
Тарих • Бүгін, 16:37
Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды
Тарих • Бүгін, 16:32
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Білім • Бүгін, 16:22
Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды
Әдебиет • Бүгін, 16:20
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Президент • Бүгін, 16:13