Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түнде Алматы облысы Қарасай ауданының таулы аймағында биіктігі 4400 метр болатын «Жас гвардия» шыңы маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «24KZ» ТЖМ баспасөзіне сілтеме жасап.
«Түскен ақпаратқа сәйкес, 1998 жылы туған жігіт 27 желтоқсан күні шамамен сағат 19:00-де «Жас гвардия» шыңына шығу үшін жолға шығып, сол уақытта соңғы рет байланысқа шыққан. Кейіннен оның ұялы телефоны өшіп қалған», - деп жазды ТЖМ баспасөзі.
ТЖМ ақпаратынша, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқару қызметінің қызметкерлері жоғалған азаматты «Кеңестер шыңы» маңынан тауып, оны «Үлкен Алматы көлі» бақылау-құтқару пунктіне дейін түсірді.