ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі балықшыны құтқарды

07.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті маңында Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Олар қайық қозғалтқышының бұзылуына байланысты шамамен жағадан 16 шақырым қашықтықта қалып, өз бетімен қайта алмай қалған. Сондай-ақ ол жерде байланыс та болмаған.

Түнгі уақытта және күрделі жағдайда құтқарушылар алдын ала берілген геолокация бойынша бағыт алып, балықшыларды тез арада тауып алды.

Жағаға жеткізілген ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар қайықты да жағаға сүйреп шығарды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью