ТЖМ тікұшағы Жезқазған Жайрем бағытында науқасты шұғыл тасымалдады

01.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Кеше ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының экипажы Жезқазған – Жайрем – Жезқазған бағыты бойынша санитарлық рейс орындады.

Санитарлық авиация желісі арқылы 1957 жылы туған науқас шұғыл медициналық көмек және әрі қарай мамандандырылған тексеру алу үшін тасымалданды.

Әуе кемесінің бортында ұшу кезінде науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстаған медицина қызметкерлері болды.

Ұшқыштардың кәсібилігі мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Науқас медициналық мекемеге уақытылы жеткізіліп, әрі қарай емделу үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Айта кетелік Қазақстаңда сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан қанша науқас бар екенін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью