UAE SWAT Challenge: Қазақстандық арнайы күштер халықаралық турнирде үздік ондыққа енді

08.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жарысқа 48 елден арнайы жасақтардың 109 командасы қатысып жатыр. Бірінші күннің қорытындысы бойынша қазақстандық төрт команда да үздік ондыққа енді. 

Фото: ҚР МКҚ

Турнирде Қазақстан С командасы көш бастап тұр, Қазақстан D екінші орында. Қазақстан В командасы төртінші орында, ал Қазақстан А командасы оныншы орында.

Фото: ҚР МКҚ

Қазақстандық «Томирис» әйелдер құрамасы жалпы есепте 20-шы орында. Олар турнирде әйелдер командалары арасында көш бастап тұр.

Фото: ҚР МКҚ

Мемлекеттік органдардың арнайы жасақтарынан құралған 5 құрама команда 11 ақпанға дейін өнер көрсетеді. Бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен. 

Еске салайық, биыл елімізде 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью