Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бірқатар романдар жүйесі мен драмалық туындылардың авторы Жолтай-Жұмат Әлмашұлының шығармашылығы жұртшылыққа жақсы таныс. «Олигарх қазақ» роман-дилогиясы екі кітаптан, бірнеше желіден, күн мен түн секілді бөліктерден тұрады.
Алғашқы кітаптың – «Тоят» («Олигарх және олимп») бөлігіндегі «Кіріспе орнына» берілген бастапқы бетте – Шерқалада арғы-бергі кезеңде даңқты адамдар, жомарт байлармен бірге «қарын қамын ойлаған Қарынбай немесе Шықбермес Шығайбайлар» болғаны еске алынады. Кәсіпкерлікпен айналысқан Аспан Шуаниға қатысты байыпты байлам, сесті ескертпелер де орын алады. «Аспандай берме, Аспан! Байлықтың батпағына батып кетіп жүрме! Байлықтың батпағы адамдық қалпыңнан айырып, түпсіздігіне тартып, адами сезіміңе сірестіре мұз байларын естен шығарма, Аспан Шуани!», деп анық-қанық айтылады. Кітап кейіпкері, қаламгер Жасхан Жұрқабайдың олигарх Аспан Шуаниға арнаған «Байлықтың батпағына батқан адам» атты жазбасынан да бір шумақ өлең жолдары беріледі. Алғашқы беттегі қысқа шегініс, шолулар – «Олигарх қазақ» роман-дилогиясының тұтас табиғатын аңғартып, ірі кәсіпкерлер мен бизнес адамдарының өмір-тағдырынан тәп-тәуір хабардар етеді. Анығында, Америкада кәсіпкерлікпен айналысқан қазақ жігіті Аспан Шуанидің бизнестегі еңбек жолы, осы тұстағы бастан кешкен кедергі-шырғалаңы, арпалыс-тартысқа толы өмір-тағдыры, елмен байланысы, Шерқалаға оралуы, т.б. әсерлі сұхбат, мәнді ойлар мен толғаныстар, сенімді суреттеулер мен қызғылықты оқиғалар арқылы кең өріс алады.
Кәсіпкер-олигархтар қатарында Аспан Шуанидің есімі мен еңбегі де қатар аталады. Оның бастапқы азан шақырып қойған аты – Оспан еді. Жүрген жерінің белгі-ерекшеліктеріне орай Оспан енді Аспан болып өзгерген-ді. Американың Н. штатында жиырма жылдан астам тұрып, әлемнің көптеген жеріне жолы түседі. Өзіне тиесілі үй-жайы, қымбат мүліктері, үй қызметшісінен бастап, бірқатар әріптесі бар, оларға Кэт есімді бикеш бас болып жүреді. Америкаға келуіне ық-пал еткен – Томас әкей, бақуатты адам – Джон Дэвис, көмекшісі – Артур Хаземет, әріптесі – Ронни Рапп, т.б. бизнестің бағытын белгілеп, жолын ашып, бәсін биіктете түседі.
Ақиқатында, «Олигарх қазақ» роман-дилогиясы бүгінмен үндес, қазақ қоғамындағы адам факторын кең түрде ашады. Еңбек болмысын, адам мұратын бизнестегі әрекет-қимыл, келеңсіз-кереғар һәм қайшылықты көрініс, ұнамсыз сипаттармен қатар суреттеп, уақыт рухын назарда ұстап, мәнді-нәрлі қалыпта көрсетеді.
Роман-дилогия атауындағы олигарх сөзі – қазіргі қоғамда қалыптасқан жаңа әлеуметтік топты танытумен бірге, материалдық байлық пен рухани құндылық мәнін де, аражігін де айқын аңғартады. Осының негізінде бизнесті – байлық көзі, жарық дүниедегі өмір өлшемі, билікке бастар басты баспалдақ санау сынды жалаң-жадау фәлсафа кең орын алады. Мұның мәні – бизнес-байлық белгілі бір кезеңде адам мұратын асқақтатқанымен, жан әлемі жадау-таяз тартып, моральдық тұрғыдан төмен, ар-намыс, ождан-ұяттан тым алыс болатыны дәлел-деректі қажет етпейді.
Анығында, бизнес әлемінің әсері рухани жұтаң тартқан тамырсыздық Һәм тайыздықпен байланыс-бірлікте байыпты баяндалады. Қоғамдағы келеңсіз-кереғар көріністер – жетімдер тағдыры, есірткі саудасы төңірегінде көрініс беріп, өмір оқиғалары, тұрмыс суреттері жүйелі дамып, нанымды өріс алып, бейнелі бедерленіп, мәнді-нәрлі, қырлы-сырлы сипаттармен сенімді суреттеледі.
Ауыл адамдарының жиынтық бейнесі – Қабышқали қария, Жетімдер үйінде тәрбиеленген – Ханмұрат, қаламгер Жасхан Жұрқабай және жанама кейіпкерлердің ел-жер, тарих-таным, жалпы рухани әлем төңірегіндегі көзқарас, тәжірибелерінен байқалып, елдік ұстанымды анық-қанық көрсетеді.
Кітаптағы қаламгер кейіпкер Жасхан Жұрқабайдың «Байлықтың батпағына батқан адам» атты мақала-жазбасы олигарх Аспан Шуаниге арналған. Мақала мазмұнынан ел-жер мәні, Шерқала шері, бизнес бәсі мен қалтарыс-құпиялы құбылыстары қатар көрсетіледі. Бизнес әлемін қаржы-қаражат көзі деп қана түсініп, кейінгі кезекте – жемқорлық Һәм сыбайластық, алаяқтық жолмен іздерін жасырады. Кейіпкерлер Артур мен Шербек қой мен сиыр етін есірткіге оп-оңай алмастырады.
«Олигарх қазақ» роман-дилогиясы жеңіл оқылады. Автор жазу өнерін еркін меңгерген. Тақырып мәні, мазмұн жүйесі, оқиға өрімі, кейіпкерлер әлемі, мәтін құбылысы, диалог-монологтің көркемдік қызметі, тіл мен стиль сипаттары мәнді. Мәтін жеңіл, ойлы өрнек басым. Өмір материалы мол. Баяндау мәнері, жеткізу жолдары, оқиға өрісі, кейіпкерлер әрекеті, бірқатар шегіністер мен түйін-шешімдер жүйелі беріледі. Сонымен қатар роман-дилогия бүгінгі күн тақырыбына арналған. Ауыл адамдары мен бизнес әлемін кең қамтып, ел-жерге қатысты өзекті мәселелерді өткір көтеріп, кейіпкерлер жүйесін айқара ашқандықтан, уақытпен үндес туындылар қатарына жатады.
Екінші кітап – «Есекқұлақ» (Жылдан да ұзақ жеті күн) деп аталатын психологиялық роман жүйесін құрайды. Хакім Абайдың, қария мен бейтаныс жігіттің қоғам, заман, адам төңірегіндегі өмір өрімінен туындаған тәжірибе-түйіні беріледі.
Психологиялық романдағы кәсіпкер Жанның «әуелі көзі қарауытады, сосын елестер көрінеді, содан кейін тәлтіректеп кетіп, қарадай құлап қала жаздайды». Анығында, Жан бизнес әлеміне еркін еніп, бірнеше саланың басын қосып, іс тетігін тапқан-ды. Қысқа мерзімде шағын шайхананы үлкен дәмханаға айналдырды. Тері илейтін, тон тігетін жанама бизнесі де жұрт назарын аударды. Әйелі Ажармен бірге бірқатар шаруасын сын дұрыс жолға қойып, халыққа кең көлемде қызмет көрсетті. Алайда Жанның бас ауруы мен есінен танып құлауы – аурухана төсегіне таңылуына әкеп соғады. Қорқынышты түс көреді. Төбе тұсында тікірейген Есекқұлақ пайда болады. Айналасын елес торлап, жаңғырық үн, дауыстар да түсініксіз жайттарымен жанын жаралап, көңілін сан-саққа жүгіртеді.
Негізінен, «Есекқұлақ» атты психологиялық роман жеті баяннан құралып, Жан (Шайжан) бейнесі арқылы адамдар қарым-қатынасы, бизнес әлемі, еңбек болмысы, өмір өрімі, отбасылық Һәм нәзік сезім иірімдерінің құпия-сырлары, тұрмыс суреттері жүйелі, нанымды баяндалады.
Біздіңше, «Олигарх қазақ» роман-дилогияның екі кітабы («Тоят», «Есекқұлақ») бірін-бірі байытып, толықтырып тұр. Америкада кәсіпкерлікпен айналысқан қазақ жігіті – Аспан Шуани мен келесі кітапта Шерқаладан шыққан Жан (Шайжан) бейнелері бизнес әлеміндегі орын-үлесі, осы бағыттағы ұстаным жүйесі, қатпарлы-қайшылықты өмір жолы мен еңбектегі қым-қуыт іздері, қоғам дамуы, заман шындығы, уақыт рухымен үндес, ортақ сипатта суреттеледі.
Тұтастай алғанда, жазушы Ж-Ж.Әлмашұлының «Олигарх қазақ» атты роман-дилогиясы адам мұраттарын асқақтатады, жан әлемін, көңіл толқынын, сезім сырларын айқара ашып, өмір-тағдырдың күнгей-көлеңкелі көріністеріне, құпия-қалтарыстарына еркін еніп, қазіргі кезеңнің көпке ортақ әлеуметтік ахуалын, ел-аймаққа қатысты шетін жағдаяттар мәнін, адамдар арасындағы қарым-қатынас, көзқарастар қақтығысы, басқа да өткір де өзекті мәселелерін көркемдік кеңістік аясында кең көлемде дамытып, шынайы шеберлік тұрғысынан байыпты баяндауымен мәнді.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
профессор
Соңғы жаңалықтар
Қопа мектебіне қолдау көрсетілді
Мектеп • Кеше
Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді
Ата заң • Кеше
Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды
Олимпиада • Кеше
Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Шахмат • Кеше
«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Оқиға • Кеше
Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті
Ата заң • Кеше
Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Аймақтар • Кеше
Ата заң • Кеше
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды
Оқиға • Кеше
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Оқиға • Кеше
119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Кеше
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Кеше