УАЗ көлігінен 14 киіктің еті шықты : Ақтөбеде браконьерлер ұсталды

11.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында Қызыл кітапқа енген киіктерді заңсыз атқан браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция қызметкерлері Байғанин ауданы аумағында күмән тудырған УАЗ автокөлігін байқап, оны тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында жүк бөлігінен мотоцикл және 14 киіктің еті табылған. Кейін анықталғандай, автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және пышақтар тәркіленді.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью