ҰБ: Инфляцияны төмендетуге мүмкіндік болмаса ақша кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін

23.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

- Ұлттық банк ақша-кредит саясаты бағытын өзгеріссіз қалдырады. Бұл біздің инфляциялық қысымды бәсеңдетуге, бағаның тұрақты түрде баяулауына және жаңа инвестициялық цикл қалыптастыруға қосқан үлесіміз деп қабылдауға болады,- деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, инфляциямен күрес жолында нақты нәтижеге жету үшін базалық мөлшерлеме қазіргі деңгейде қалады. Егер инфляцияны төмендетуге орнықты мүмкіндік болмаса, ақша-кредит саясатын қатаңдату тәсілі қолданылуы мүмкін.

- Ұлттық банк инфляцияны тұрақты төмендету үшін ақша-кредит және макропруденциялық саясат құралдарының барлығын пайдаланады. 2026 жылғы басым бағыт – инфляцияны болжамды диапазон шегінде ұстап, оны тұрақты деңгейге жеткізу. Ортамерзімді перспективадағы мақсатымыз өзгеріссіз, ол инфляцияны нысаналы деңгей – 5 пайызға қайтару. Ақша-кредит шарттарын соған сәйкес бейімдейміз,- деді ҰБ төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью