Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Мамыр айынан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар салық, білім беру, көлік, цифрлық активтер және басқа да салаларды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ЖИ көмегімен жасалған
Ең алдымен, мобильді аударымдарға бақылау күшейтіледі. Салық органдары банктерден алынған мәліметтерді талдауды бастайды. Егер үш ай қатарынан 100 түрлі адамнан ақша түсіп, жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса, мұндай аударымдар тексеріледі. Алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіледі.
Сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктер үшін утиль алымы өседі. Ал Қазақстанда өндірілген немесе басқа елдерден импортталған көліктерге қатысты талап өзгеріссіз қалады.
Цифрлық активтер саласында да өзгеріс бар. 1 мамырдан бастап стейблкоиндарды шығару мен айналымға енгізудің бірыңғай ережелері күшіне енеді. Енді мұндай активтер толық қаржылай қамтамасыз етілуі тиіс және оларды тек жарғылық капиталы кемінде 200 млн теңге болатын заңды тұлғалар ғана шығара алады.
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Мамыр-қазан айлары аралығында елімізде әскери жиындар өткізіледі. Оған шамамен 3 мыңға жуық әскери міндетті азамат шақырылады.
4 мамырдан бастап KEDEN ақпараттық жүйесі енгізіліп, кедендік төлемдерді төлеу тәртібі өзгереді. Кейбір төлемдердің бюджеттік жіктеу кодтары жаңартылады.
Энергетика саласында да өзгеріс бар: Ресей 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайын Германияға «Дружба» құбыры арқылы жеткізуді тоқтатпақ. Осыған байланысты 260 мың тонна мұнай балама бағыттар арқылы тасымалданады.
Діни салада Imam AI атты жаңа цифрлық сервис пилоттық режимде іске қосылады. Ол діни сұрақтарға жедел жауап беруге арналған.
Сонымен қатар қара және түсті металл сынықтарын елден шығаруға қойылған тыйым тағы алты айға ұзартылады.
Білім беру саласында 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Ал негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Әуе қатынасы да кеңейеді. Алматы мен Пусан арасында тікелей рейс ашылады. Сонымен қатар Asiana Airlines әуе компаниясы Сеул – Алматы бағытындағы рейстер санын арттырады.
Мамыр айында қажылық маусымы да басталады. Ол 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Қажылар үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей рейстер ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Жеке таныс емеспіз: Меруерт Өтекешова продюсердің қымбат сыйлығына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Мәдениет • Бүгін, 13:30
Әл-Фарабидегі 3 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу қашан аяқталады?
Заң • Бүгін, 13:20
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Мерзімін өткізіп алмаңыз: «Отбасы банк» мамыр айындағы төлемдер кестесін жариялады
Банк • Бүгін, 12:15
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06