Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: gov.kz/Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ведомство мәліметінше, талапкерлердің 71%-ы – тестті қазақ тілінде, 29%-ы – орыс тілінде, ал 164 адам – ағылшын тілінде тапсырған. Екінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 65%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құраса, ең жоғары нәтиже – 138 балл тіркелген. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 235 талапкер қатысқан.
ҰБТ-ның екінші аптасында 178 бұзушылық тіркелген. 103 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка секілді тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені үшін тесттен шеттетілсе, 75 қатысушы тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған.
Депутат ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға берілетін сыйлықтарға қатысты пікір білдірді
Министрлік мәліметінше, ҰБТ аяқталғаннан кейін барлық бейнежазбалар 31 қазанға дейін талданады. Егер ереже бұзушылықтар анықталса, тест нәтижелері жойылуы мүмкін.
Еске салайық, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін шамамен 240 мың талапкер тіркеліп, екі мәрте тест тапсыру мүмкіндігімен 446 мыңнан астам өтініш берілген. Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Қазақстан түлектерінің ҰБТ нәтижелері арқылы Малайзияда да оқи алады.