ҰБТ дан 140 ұпай!

04.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сурет Павлодар облысы білім беру басқармасынан алынды

Ұстаздарының ай­туынша, Әл­тайыр­дың білім бәй­гесіндегі жеңісті жолы жыл бойғы талпынысынан анық байқалған. Қаңтар айын­дағы сынама тестілеуде 123 ұпай жинаса, наурыз айында нәтижесін 131 ұпайға дейін көтерген. Ал негізгі сынақта өз мүмкіндігін толық дәлелдеп, абсолютті нәтиже көрсетті. Мұндай көрсеткішке жету – кез келген талапкердің арманы, ал оған қол жеткізу – тек үздіктердің еншісіндегі жетістік.

«Әлтайыр Әсет – білі­мімен ғана емес, жан-жақ­тылығымен де ерекшеленген дарынды жас. 2024–2025 оқу жылында қалалық және облыстық «Абай оқуларына» қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бұған қоса Абай об­лысында өткен рес­­публикалық ке­зеңде І орынды жеңіп алып, өзі­нің әдебиетке, сөз өнеріне деген ерекше қабілетін дәлелдеді», дейді №7 орта мектептегі ұстаздары.

Дарынды түлек ғылым-бі­лім сайыс­­­тарында да биік­тер­ден көрінген. «Алтын түлек» олим­­­пиадасының қа­­лалық және об­лыс­­тық кезең­де­рі­нің І орын иегері атанып, үздік оқу­шы­лар қатарынан табылды. Ал жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында математика пәнінен ІІІ орын алып, аймақ намысын абыроймен қорғады.

Әлтайыр қазіргі уақытта Астанадағы Мақсұт Нәрік-баев атындағы университетті таңдап, «Менеджмент» ма­мандығына оқуға түсуді ұй­ғарып қойыпты. Ол үшін ағылшын тілінен қо­сымша ielts емтиханын тапсырмақшы. Ал өзі ҰБТ-дан қосымша курс оқыған білім ұйымы оған елордадан пәтер тарту еткен.

Білімге құштар, жа­уапкершілігі жоғары талапкер өз жетістігі арқылы мектебінің ғана емес, бүкіл Ертіс–Баян өңірінің мерейін үстем етті. Оның жетістігі – ата-анасының тәрбиесі мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Білім мен парасатты серік еткен Әлтайыр көптеген жас талапкерге үлгі болғаны айдан анық.

ПАВЛОДАР

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью