ҰБТ кезінде 300 ге жуық талапкер ереже бұзған

01.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Негізгі ҰБТ 139 мыңға жуық рет тапсырылды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.

Биыл ҰБТ-ны талапкерлердің 71%-і қазақ тілінде, 29%-і орыс тілінде және 259 рет ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65 бал болды. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әлтайыр Әсет жинады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері 392 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

"ҰБТ өткен үш аптада 283 ереже бұзушылық анықталды. 168 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді", - дейді министрлікте.

Сонымен қатар тағы 115 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

Жалпы 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады, деп ескертті министрлікте.

Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью