Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болады. Енді абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысы өскеннен кейін бұл мамандыққа қызығушылық танытушылар саны күрт артқан. Алайда мемлекетке «сан емес, сапа» керек.
Енді педагогикалық бағытты таңдаған талапкерлер ҰБТ балымен қатар, оқу орнының өз ішінде өтетін емтихан тапсырады. Қазіргі уақытта емтихан форматы пысықталып жатыр. Негізгі нұсқалардың бірі – сұхбат.
«Жоғары оқу орындары абитуриенттің талаптарға шынайы сәйкестігін өздері тексереді. Бұл – іріктеудің екінші кезеңі болмақ», деді Саясат Нұрбек.
Министр бұл шешімнің ашық әрі әділ өтуін университеттер өздері қадағалайтынын атап өтті.
Бұған дейін елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылғанын жазған едік. Сондай-ақ министрлік мектеп директорларын ротациялау, 2+2, ауылдық жерлерде 3+3 жүйесімен тағайындау туралы ұсыныс көтерген.
Соңғы жаңалықтар
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Оқиға • Бүгін, 14:36
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
«Атын атауға болмайтын адам»: Заңгер Мұхтар Шахановтың атына тіл тигізген ер адамды сотқа бермек
Қоғам • Бүгін, 13:03