Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстанда шетелде танылатын және ҰБТ-ға балама болатын жаңа ұлттық тест әзірленіп жатыр. Жобаның құны шамамен 3 миллион доллар. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengri Education.
Қазақстанда шетелде танылатын және ҰБТ-ға балама болатын жаңа ұлттық тест әзірленіп жатыр. Жобаның құны шамамен 3 миллион доллар. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengri Education.
Оның сөзінше, жаңа емтихан SAT сияқты халықаралық тесттерге ұқсас, бірақ талапкерлер үшін тегін болады.
"Бұл SAT сияқты, бірақ SAT емес. SAT тапсыру құны шамамен 150–160 доллар тұрады. Бұл үлкен жүктеме. Сондықтан біздің тест ҰБТ сияқты тегін болады және оны бірнеше рет тапсыруға болады (...) Қазір жобаның өзі, тесттерді жасау (олардың құны — еск.), шамамен 3 миллион долларды (шамамен 1,5 миллиард теңге — еск.) құрайды", - деді министр.
Анықтама: SAT (Scholastic Assessment Test) — бұл негізінен АҚШ-та колледждер мен университеттерге түсу үшін қолданылатын стандартталған емтихан. SAT негізгі академиялық дағдыларды бағалайды: математика (алгебра, деректерді талдау, аздап геометрия), сондай-ақ оқу және жазу (мәтінді түсіну, грамматика, логика).
Тестті әзірлеумен білімді тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Educational Testing Service халықаралық компаниясы айналысып жатыр. Емтиханды ұйымдастыру мен өткізу тек бюджет есебінен ғана емес, Ұлттық тестілеу орталығының қаражаты есебінен де қаржыландырылмақ.
"Қаржыландырудың шамамен 80 пайызын Ұлттық тестілеу орталығы өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді. Ол жылына сынақ тесттерінен шамамен 1,5 миллиард теңге табыс табады", - деді министр.
Жаңа формат ҰБТ-дан өзгеше болады. Ол талапкерлердің тек білімін емес, ойлау қабілетін, жеке қасиеттерін бағалайды.
"Ол бірнеше блоктан тұрады: теориялық білім мен жеке қасиеттерді — көшбасшылық, табандылық, зейінділікті бағалау. Әдістеме күрделі, бұл тұтас ғылым", - деп түсіндірді Нұрбек.
Сонымен қатар министр ҰБТ білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарғанына тоқталды.
"ҰБТ өзінің тарихи рөлін атқарды, тестілеу үдерісті жүйелеп, көп жағдайда жемқорлықты жойды. 90-жылдары жоғары оқу орындары студенттерді өздері қабылдайтын, онда үлкен олқылық болды", - деді ол.
Сонымен бірге, тестілеуде кемшіліктер де болған.
"Біз ойлау құрылымын анықтаған жоқпыз, құзыреттерді бағаламадық. Мектеп жүйесі жаттап алуға бейімделе бастады", - деді Саясат Нұрбек.
Жаңа емтихан кезең-кезеңімен енгізіледі. ҰБТ-дан бірден толық бас тарту жоспарда жоқ.
"Ол ҰБТ-мен қатар іске қосылады. Талапкерлерде таңдау болады. Біртіндеп, жаңа формат жаппай қолданылған кезде, біз ескі тесттен бас тартамыз", - деді министр.
Емтиханның пилоттық іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған, ал 2027 жылдан бастап тест ҰБТ-мен қатар өткізіледі. Саясат Нұрбектің айтуынша, жаңа тест сертификаты қазақстандық қана емес, шетелдік университеттерге де түсуге мүмкіндік береді. Бұл ретте емтихандардағы қолданыстағы бақылау жүйесі сақталады.
"Өңірлік тестілеу орталықтары камералармен және прокторинг жүйесімен жабдықталған. Әзірге бұдан бас тартпаймыз", - деп қосты ол.
Еске салайық, биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады: тест бұрынғыдай 120 тапсырмадан тұрады, ең жоғары балл — 140, тапсыру уақыты — 4 сағат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!