УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

УЕФА Чемпиондар лигасының Instagram-дағы ресми парақшасы жалпы кезеңнің үздік футболшылар топтамасын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: «Қайрат» ФК

Мбаппе, Эрлинг Холанд, Харри Кейн және Витинья секілді есімдері әлемге әйгілі футболшылар бар тізімге Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те енді.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, бірнеше рет үздіктер топтамасынан табылды. Ол Чемпиондар лигасының алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады.

Сондай-ақ Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды.

Айта кетейік, «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы аясындағы соңғы матчын 28 қаңтар күні Англияның әйгілі «Арсенал» командасына қарсы өткізеді. Лонданда өтетін матчқа «Қайрат» 25 қаңтар күні аттанды. Аталған құрамалар арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де басталады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью