UFC дегі Қазақстанның жаңа жекпе жегі және допинг дауы: Алмабаевтың жаттықтырушысымен сұхбат

02.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

MMA жаттықтырушысы Эдуард Базров Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа жекпе-жегіне дайындығы қалай өтіп жатқанын айтып, тағы бір отандасымыздың допингке байланысты шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.

MMA жаттықтырушысы Эдуард Базров Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа жекпе-жегіне дайындығы қалай өтіп жатқанын айтып, тағы бір отандасымыздың допингке байланысты шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Промоушен рейтингінде сегізінші болып тұрған Асу Алмабаев әлеуметтік желіде келесі жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде (Әзербайжан) өтетін турнирде өткізетінін мәлімдеді.

Оның қарсыласы - аса жеңіл салмақ рейтингінің 13-сатысында тұрған тәжірибелі америкалық Чарльз Джонсон.

Қазақстандықтың жаттықтырушысы жекпе-жектің ауыр болатынын, тіпті жеңіске жеткен күннің өзінде бұл кездесу Асудың чемпиондық додадағы орнын айтарлықтай өсірмейтінін айтады.

"UFC-де үнемі жоғары өрлей бермейсің. Соңғы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Джонсон Асумен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. UFC менеджерлері мұны ескерусіз қалдырмады. Егер біреу сенің есіміңді атап, жекпе-жекке шақырса, ал сен бас тартсаң, бұл спортшының абыройына нұқсан келтіреді. UFC - бұл, былайша айтқанда, пиар-машина, сондықтан біз жекпе-жекті қабылдадық. Оны қаламаймыз, мұны қаламаймыз деп таңдап отырмаймыз. Кімді берді, сонымен төбелесеміз", - деді Базров тілшімізге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Джонсон рейтингте төменірек тұрғанына қарамастан, қауіпті қарсылас.

"Бір жағынан, қарсылас рейтингте бізден төмен. Бірақ бұл оның әлсіз екенін білдірмейді. Джонсонның кім екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Бізге жақсы лагерь өткізу керек. Әрине, оны тактикалық тұрғыдан жеңу қажет. Бір жағынан, ол рейтинг жағынан бізге ештеңе бермейді. Екінші жағынан - ол өте қауіпті", - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, Джонсон бұған дейін екі рет қазақстандық спортшылармен жұдырықтасып, екеуінде де төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. 2022 жылы ол Жалғас Жұмағұловты, ал 2024 жылы Азат Мақсұмды жеңді.

"Әрине, дайындықтың өз ерекшеліктері бар. Біз Чарльз Джонсонды өте жақсы білеміз. Ол біздің екі спортшымызбен жұдырықтасты. Бұл файтермен таныс болғанымызға біраз болды. Нақты оның стиліне сай дайындаламыз. Оның соққы техникасы жаман емес, тынысы да жақсы.
Осының бәрін ескере отырып дайындаламыз. Қазір құрамымызда Әліби Ыдырыс, Санжар Әділов, Еламан Саясатов бар. Жалпы, Асуда қазір спарринг-серіктестер жетерлік. Осетияда да бізге қосылған адамдар бар, сондықтан лагеріміз толыққанды өтіп жатыр", - деді тәлімгер.

Еске салсақ, Асу Алмабаев 1 наурызда Брэндон Мореномен жұдырықтасуы керек еді, бірақ жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Соған қарамастан, ол промоушен рейтингінде басқа қазақстандықтардан жоғары сатыда қалып отыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Асу Алмабаевтың (@asu_zulfikar57) жарияланымы

Асудың лагерінде допингке байланысты шеттетілген қазақстандық спортшы бар

Күні кеше UFC қазақстандық Әліби Ыдырыстың тыйым салынған несеп айдаушы дәріге байланысты бір жылға спорттан шеттетілгенін жариялады. Эдуард Базров спортшының қазіргі жай-күйі туралы айтып берді.


Әліби жиынға келді - лагерьді бізбен бірге өткізіп жатыр. Жаттығуды жалғастыру керек. Ол еңсесін түсірген жоқ. Не айтуға болады? Бұл өмір. Неше түрлі жағдай болады. Дайындалу керек, жаттығуды тоқтатпау қажет. Әрине, неғұрлым тезірек оралғаны жақсы", - деді маман.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Alibi Idiris (@alibi_idiris) жарияланымы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью