UFC дегі жарқын дебют: Әліби Ыдырыс төрешілер шешімімен Осборнды жеңді

22.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен Fight Night 267 турнирінде өткізді. Ол америкалық спортшы Оди Осборнмен (13-9) кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Әліби Ыдырыс жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы 11-жеңісін тіркеп, UFC-дегі алғашқы қадамын сәтті бастады. Ал оның қарсыласы Оди Осборн кәсіби ММА-дағы 10-жеңілісіне ұшырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ыдырыс UFC турнирінде өнер көрсеткен еді. Бірақ ол жекпе-жекте тек промоушенмен келісімшарт сарапқа салынған еді. Кейін Әліби UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 113 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, UFC-дегі алғашқы бонусын алғаны хабарланған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью