Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
UFC промоушені 2026 жылы Қазақстанда турнир өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл туралы Hustle Show подкастының авторы Адам Зубайраев Тамби Масаевпен болған сұхбатында айтты.
Зубайраевтың сөзінше, Қазақстанда өткізу туралы келіссөздер баяғыдан бері жүргізіліп келеді. Ол мұндай турнир тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін тарихи оқиға болатынын атап өтті.
Подкаст қатысушыларының пікірінше, қазақстандық көрермендер турнирге жоғары деңгейдегі белсенділік пен қолдау көрсете алады, бұл болашақ шоудың басты ерекшеліктерінің біріне айналуы мүмкін.
Болжам бойынша, әңгіме Fight Night сериясындағы турнир туралы болып отыр. Әдетте UFC-дің нөмірлік (номерные) турнирлері АҚШ пен Таяу Шығыс елдерінде өтетіні белгілі.
Қазіргі таңда кештің басты айқасы кімдердің арасында өтетіні басты сұрақ болып қалуда. Зубайраевтың айтуынша, бұған дейін ұйымдастырушылар турнирдің хедлайнері ретінде Шавкат Рахмоновты шығаруды жоспарлаған. Алайда денсаулығына байланысты туындаған қиындықтар мен тізесіне жасалған қайталанған ота оның оралу мерзімін белгісіз етіп отыр.
Осыған байланысты турнирдің өту мерзімі өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, Зубайраев UFC тек Рахмоновтың оралуын күтіп отырмайтынын, Қазақстандағы турнир осы жазда немесе жаздың соңына қарай өтіп қалуы мүмкін екенін болжайды.
Бүгін, 14:38