Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов бұған дейін жартылай орта салмақ дәрежесінде рейтингтің екінші сатысында тұрған еді. Алайда бүгінгі жаңартылған рейтингтен кейін оның есімі тізімнен алынып тасталды. Бұл туралы журналист Джон Морган X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, алдыңғы рейтингтік циклде Рахмонов жарысқа қатысуға құқығы бар спортшылар қатарында болған. Алайда жарақатына қатысты соңғы жаңалықтардан кейін оның аты-жөні жаңартылған рейтингте көрсетілмеген.
Еске салайық, Рахмоновтың жарақат алғаны өткен демалыс күндері белгілі болды. Алдымен ол ММА турнирлерінің бірінде балдақпен жүрген күйі көзге түскен. Кейін файтердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жарақатын растаған ресми мәлімдеме жариялады.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол кездесуде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық файтер Асу Алмабаев Мексикада өтуі тиіс UFC турниріндегі жекпе-жегінен шығып қалған еді. Кездесудің өтпеуіне спортшының қолын сындырып алуы себеп болған.