7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы облысының Ұйғыр ауданында омарта шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мұнда 30 ға жуық омарташы бар. Оның ішінде12 кәсіби омарташы 2100-ге жуық ара ұясымен табысты жұмыс істеп, жылына 40 тонна бал өндіріп отыр. Бұл туралы «ӨРІК Fest – 2026» фестивалі аясында өткен баспасөз турында белгілі болды.
Айта кетейік, бүгін Шонжы ауылында екінші рет «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтуде. Басты мақсаты – ауданның өрік шаруашылығын дамытуға серпін беру, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттау, кәсіпкерлерді қолдау, агротуризмді дамыту және Ұйғыр ауданын еліміздің өрік астанасы ретінде таныту.
Қарадала өңірі ежелден бақ шаруашылығымен танылған өңір. Бүгінде өсімдік шаруашылығы ауданның агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі салалардың бірі болса, өрік шаруашылығы оның қарқынды дамып келе жатқан бағытына айналды. Қазіргі таңда аудан республика бойынша өрік өндіруден көш бастап келеді.
Омарташылардың жұмысы тек бал алумен шектелмейді, олардың бау-бақша шаруашылығына қосар үлесі зор. Атап айтқанда, өрік бақтарын сапалы тозаңдандыруда таптырмас көмекші. Дәл осы табиғи тозаңдану процесі жеміс өнімділігін арттырып, өріктің сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.