Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 48 жастағы әйелді іздеу жұмыстары екі аптадан бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдеді.
Олардаі хабарлауынша, Марал Құттыбайқызы Әбуова 12 маусым күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері онымен байланыс үзілген. Үйінде жұбайы мен кәмелетке толмаған екі баласы күтіп отыр.
Іздестіріліп жатқан әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде ақшыл түсті көйлек болған.
"Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, туыстары, таныстары және ықтимал куәгерлерден жауап алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, іздеудегі әйелге ұқсас адам Бурабай курорттық аймағында байқалған", – деп хабарлады Полиция департаменті.