Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Редакцияға тұрғын үйлердегі рентген аппараты бар стоматологиялық клиникалардың қауіпсіздігіне алаңдаған Алматы тұрғыны хабарласты. Оның үйінің бірінші қабатында бірден үш стоматологияның жұмыс істеуі бұған себеп болған. Мұндай көршілер қауіпті ме және клиникалар жабдықтың бар екенін ескертуге міндетті ме, оны TengriHealth тілшісі анықтап көрді.
Редакцияға тұрғын үйлердегі рентген аппараты бар стоматологиялық клиникалардың қауіпсіздігіне алаңдаған Алматы тұрғыны хабарласты. Оның үйінің бірінші қабатында бірден үш стоматологияның жұмыс істеуі бұған себеп болған. Мұндай көршілер қауіпті ме және клиникалар жабдықтың бар екенін ескертуге міндетті ме, оны TengriHealth тілшісі анықтап көрді.
Тұрғын үйлерде рентгені бар стоматологияларға рұқсат етіле ме?Біз түсініктеме алу үшін хабарласқан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы тұрғын үйлерде стоматологиялық кабинеттерді орналастыруға рұқсат беретінін хабарлады. Дегенмен, кейбір нюанстар бар.
1. Тұрғын үйлерде жеке кіреберісі болған жағдайда, қуаттылығы бір ауысымда 100 адамнан аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсету нысандары орналасуы мүмкін.
2. Стоматологиялық кабинеттерді жертөлелер мен цокольді қабаттарда орналастыруға тыйым салынады.
Комитет мұндай клиникалардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға міндетті екенін атап өтті. Олардың қатарында:
жеке кіреберіс және үй-жайларды мақсаты бойынша аймақтарға бөлу; желдету; сумен жабдықтау және су бұру; санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау; өндірістік бақылауды ұйымдастыру; радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау."Радиациялық нысан - бұл иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс істейтін, яғни оларды алатын, сақтайтын және жұмыста пайдаланатын ұйым немесе оның бөлімшесі. Бұны тек санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады", - делінген сауалымызға берілген жауапта.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті стоматологиялық ұйымдарда рентгенологиялық жабдықты орнатуға қойылатын талаптар "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен" регламенттелетінін айтты.
Радиация шығаратын құрылғылармен жұмыс істеу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен арнайы лицензия алу қажет.
Қандай рентген аппараттарын орнатуға болады?Комитет мәліметінше, жеке рентген кабинеттерінде күшейткіш экраны жоқ кәдімгі пленкалы дентальді аппараттар мен панорамалық қондырғылар орналастырылуы тиіс.
Анықтама: Дентальді аппараттар - бұл сурет пленкаға түсірілетін ескі немесе классикалық рентген аппараттары. Олар суретке түсіру үшін көбірек рентген сәулесін қажет етеді, олардың сәулелік жүктемесі жоғары, сондықтан мұндай аппараттарды тек толыққанды рентген кабинетінде немесе рентген бөлімшесінде орнатуға рұқсат етіледі.
Сандық кескінді өңдейтін және заманауи жоғары сезімтал қабылдағыштары бар дентальді аппараттар мен пантомографтарды (бүкіл иектің панорамалық суретін түсіретін рентген аппараты) тұрғын және қоғамдық ғимараттарда орналасқан стоматологияларда пайдалануға рұқсат етілген.
Бұл – заманауи жүйелер.
Алайда олардың жұмыс жүктемесі санитариялық талаптарда белгіленген нормадан - минутына/аптасына 40 миллиамперден және одан аз мөлшерден аспауы тиіс.
Бұл салыстырмалы түрде аз жүктеме, сондықтан аппаратты тіпті тұрғын және қоғамдық ғимараттарда орналастыру қауіпсіз деп саналады.
Бұдан бөлек, рентгеностоматологиялық зерттеулер жүргізілетін кабинеттер персонал мен пациенттер үшін радиациялық қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Аппараттар саны бойынша шектеулер бар ма?"Сонымен қатар сәулелік диагностика кабинеттерін радиациялық қорғауды қамтамасыз ету талаптары қарастырылған", - делінген хабарламада.
Комитет бір үйде бірнеше рентгеностоматологиялық зерттеу аппаратын орнатуға тікелей тыйым салынбағанын хабарлады. Дегенмен бір уақытта тек бір ғана аппарат жұмыс істей алады.
Процедура бөлмесінде бірнеше рентгендік дентальді аппарат орнатылған жағдайда, әрбір қосымша аппарат үшін үй-жайдың ауданы 4 м2 және одан да көп болуы көзделеді, делінген сауалға берілген жауапта.
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптар сақталған және рентгеностоматологиялық зерттеулер жүргізу барысында радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда, мұндай кабинеттердің қызметі тұрғындар үшін қауіпсіз", - деп сендірді СЭҚ.
Клиникалар бірінші қабаттардағы рентген аппараттары туралы тұрғындарды ескертуі керек пе деген сұраққа комитет стоматологиялар бұны істеуге міндетті емес деп жауап берді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу